Қазақстан Республикасы                                   Министерство образования            

Білім және ғылым министрлігі                           и науки Республики Казахстан

 

 

энергетика, радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу-әдістемелік секциясы

____________________________________________________________

учебно-методическая секция по специальностям энергетики, радиотехники, электроники и телекоммуникаций высшего и послевузовского образования

Электртехникалық                                                                        Электротехническое

 материалдартану                                                                              материаловедение

 

 

типтік оқу бағдарламасы                                            типовая учебная   программа

            050718 – Электрэнергетика                                                     по специальности                       

мамандығы бойынша                                                  050718-Электроэнергетика

 

 

 Алматы   2006

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

_______________________________________________________________________

Жоғары кәсіптік білім

Бакалавриат

 

ЭЛЕКТР ТЕХНИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРТАНУ

050718 -Электр энергетикасы мамандығы бойынша

2 несие (90 сағат)

 

 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

Алматы 2006

 

Алғы сөз

  

1Алматы энергетика және байланыс институты ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН

2 Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің 2006жылдың 22 маусымдағы хаттамасымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ICKE ҚОСЫЛДЫ

3 АЛҒАШҚЫ PET ЕНГІЗІЛІП  ОТЫР

4 Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру ҚРМЖБС 3.08.344 - 2006 стандартына сәйкес 050718 -Электр энергетикасы мамандығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің 23.12.05ж. №779 бұйрығымен жоғаргы кәсіптік білімнің арнайы пәндері негізінде әзірленді

5 Бағдарлама Алматы энергетика және байланыс институты базасындагы энергетика, радиотехника, электроника жэне телекоммуникация мамандықтары бойынша оқу-эдістемелік секциясының (ОӘС) баспасына ұсынған № 4 хаттама, 2006 жылдың 15 маусымы

 

Типтік багдарламаны Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігінің рұқсатынсыз таралымдауға және таратуға болмайды

 

Түсініктемелік жазба

 

«Электр техникалық материалдартану» пәні жоғары кәсіби білімге арналган міндетті түрде оқытылатын пән және профильді пән ретінде оқу жоспарына енгізілген.

Пәннің мақсаты - электр энергетикалық және электр техникалық қүрылғылардагы электр техникалық материалдардың қолданылу принциптеріңдегі білімдерін тұжырымдау.

Пәннің міндеті - электр техникалық қүралдардың қүрылымы мен процестердің, оларда болатын электр магниттік өріс, жылу, ылғал, ортаның химиялық әсерімен және басқа технологиялық пайдалану факторлардың негізгі мінездемелері мен электр техникалық қүралдардың қазіргі заман классификациясының байланысын оқыту.

Пәнді оқып-үйрену нәтижесіндегі студенттің міндеті:

-         жаңа электр техникалық құралдардың классификациясы, олардың басқа факторлардың әсерінен пайда болатын және электр магниттік өрісіндегі күйін, құралдардың қасиеттерін білу;

-         электр техникалық құралдардың параметрлерін анықтау мақсатында зертханалық қондырғыларда жұмыс істей білу;

-         жаңа электр техникалық қондырғыларды жасау үшін қолданылатын құралдардың беріктігін, үнемділігін және экологиялық пайдалануын дұрыс бағалай білу.

Бұл пәнді меңгеруге септігін тигізген пәндер тізімі: химия, физика, инженерлік және компьютерлік графика, математика, электр техниканың теориялық негіздері.

Аралас пәндер тізімі: электр машиналары, электр механика және электр техникалық жабдықтар, электр энергетика.

 

1 Пәннің мазмүны

 

1.1 Кіріспе

«Электр техникалық материалдартану» пәні электр магниттік өріс әсерінен қүралдардың ішінде болатын негізгі физикалық шамаларды, материалдардың қасиеттерін, өндіріс технологиясын оқытады. Пайда болған қиындықтарды шешу үшін қүралдарды дүрыс тандап алу қажет және осы кезде жаңа материалдарды жасау электр техниканың дамуымен бірге орындалады. Қазіргі заман деңгейінің проблемасы, ол қызу төзімділігі жоғарымолекулярлы диэлектрикті, сенімді жартылай өткізгіштердің, жогары магниттік мінездемелі ферромагнеттиктер мен ферриттерді, асқын откізгіпггің жоғары сапасына толығымен жауапты болатын электртехникалық заттарды шыгару.

Жаңа электр техниканы жоғары сапалы материалдармен қамтамасыздандыру үшін «Электр техникалық материалдартану» курсының бакалавр даярлау багдарламасына енгізуін түсіндіреді.

  

1.2       Негізгі түсініктемелер

Электр техңикалық материалдардың классификациясы. Материалдартанудың физикалық негізі. Заттардың құрылысы жөніндегі негізгі мағлұматтар. Химиялық байланыстардың түрлері. Кристаллдық және аморфтық заттар және олардың қасиеттері. Кристаллдық торлардың түрлері. Кристаллдық құрлысының дефектілері және олардың заттар қасиеттеріне тигізетін әсері.

 

1.3       Диэлектрлік материалдардың физикалық процестері

Диэлектрлік материалдарының электрлік сипаттамалары. Диэлектриктердің өрістенуі. Диэлектрлік өтімділігі және оның өрістің процестерімен байланысуы. Әр түрлі диэлектриктер үшін температуралық және жиілік тәуелдіктер. Дйэлектриктердің электр өткізгіштігі. Газ тәрізді, сұйық және қатты диэлектриктердің электр өткізгіштігінің табиғаты. Көлемдік жэне беттік өткізгіштік. Өткізгіштің температураға, жиілікке және ылғалдылыққа тәуелділігі. Диэлектрлік шығындар. Диэлектрлік шығандардың табиғаты. Әртүрлі диэлектриктер үшін диэлектрлік шығын бүрышы тангенсінің температурага, жиілікке тәуелділігі. Диэлектриктерді тесу. Қатты диэлектриктерді тесу түрлері. Қатты диэлектриктерді тесу бойынша сипаттамалы эксперименталдық заңдылықтары. Электрлік сипаттамаларды өлшеу әдістері. Диэлектриктердің физика-химиялық, жылулық, ылғалдылықты, механикалық және радиациялық қасиеттері.

 

1.4       Электр оқшаулағыш материалдар

Диэлектриктердің классификациясы. Газ тәрізді диэлектриктер. Электр энергетикалық жүйелерде және қүрылғыларда пайдаланатьш электр оқшаулағыш сұйықтықтар. Мұнайлы оқшаулагыш майлар және синтетикалық сұйықтықтар. Қатты органикалық материалдар. Шәйірлер, өсімдік майлары, лактар, эмальдар, компаундтар, қылтанакты текстильдер, қатпарлар, каучуктар. Қатты органикалық емес материалдар. Слюда, шыны, керамика, асбест, органикалық емес қабат қасиеттері, қолданылуы, өндіріс технологиясы.

 

1.5      Өткізгіш материалдар

Өткізгіштердің классификациясы. Өткізгіштердің табиғаты.

Өткізгіштердің негізгі сипаттамасы. Жоғары өткізгіштік материалдар. Мыс, оның қасиеттері, қолданылуы. Мыстық балқымалары. Алюминий, оның қасиеттері,  қолданылуы.  Алюминий  негізіндегі  балқымалар.  Кедергісі жогары өткізгіш материалдар, олардың түрлері, қасиеттері. Түйіспелі құралдар. Аса жоғары өткізгіштер және криоөткізгіштер, олардың қасиеттері, қолданылуы.

 

1.6       Жартылай өткізгіш материалдар

Жартылай өткізгіштердің классификациясы. Электр өткізгіштіктерінің табиғаты және жартылай өткізгіштерінің негізгі сипаттамалары. Параметрлердің температураға, электр өрісінің кернеулігіне, жарықтыққа тәуелділігі. Жартылай өткізгіш қүралдарды алу және жаңарту технологиясына жалпы шолу. Германий, кремний олардың негізгі қасиеттері, қолданылуы. Құрамы күрделі жартылай өткізгіштер. Жартылай откізгіштіктерді қолданудың артықшыл ықтары.

 

1.7       Магниттік материалдар

Магниттік материалдар классификациясы. Магниттелудің табиғаты. Магниттік материалдардың негізгі сипаттамалары. Магниттік шығындар және оларды азайту жолдары. Магниттік жұмсақ, магниттік қатты материалдар, олардың қасиеттері, қолданылуы. Арнайы магниттік материалдарга жалпы шолу.

 

2 Зертханалық жүмыстардың тізімі

2.1         Диэлектриктердің электрлік мінездемесінің анықтамасы
(диэлектриктердің өтімділігі шы
ғындардьщ
тангенс бұрышы, электрлік
беріктілігі, меншікті кедергілері).

2.2 Диэлектриктердің электрлік емес мінездемесінің аньіқтамасы

(тұтқырлыгы, жылу өткізгіштігі, жарық шақтардың температурасы т.б.).

2.3 Жартылай өткізгіштердің қасиетін зерттеу.

2.4 Магниттік қүралдардың қасиетін зерттеу.

 

3 Негізгі оқу - зертханалық жабдықтардың тізімі

3.1      Оқшауламаның электрлік беріктігін анықтайтын аппарат АИИ-70

3.2      Айнымалы тоқтың көпірі Р5010

3.3      Өлшеуіш тұрақты тоқтың көпірі Р4053

3.4      Біртектес көпір РЗЗЗ

3.5     ПВНЭ типті, капиллярлы вискозиметрлер сияқты
Трансформаторлар майының мінездемелерін анықтайтын қондырғылар

     

4      Практикалық жұмыстар тақырыптарының тізімі

4.1 Диэлектрлік өтімділікті, диэлектрлік шығынды, алмастыруын, сыйымдылық, меншікті электр кедергісін, диэлектрліктің беріктігін есептеу.

4.2 Температуралық коэффициентін, жылулық кеңеюін, қызу төзім-ділігінің классы, материалдардың жылу сыйымдылығын есептеу.

4.3 Механикалық және физикалық сипаттамаларын есептеу.

4.4 Өткізгіштердің кедергісін, салмағын, пішінін есептеу. Элементтердің ТЭДС-ін, кедергінің температуралық коэффициентін, электр қьіздыргыш қуатын есептеу. ЭЖЖ-нің кедергісін анықтау.

4.5 Жартылай өткізгіштің меншікті және қоспалы меншікті кедергісін және меншікті өткізгіштігін есептеп шыгару. Кетікті және жылжымалы электронды,  Холл  эффектісін  есептеу.  Меншікті  және  қоспалы  тоқ тасымалдаушы тыгыздыгымен жартылай өткізгіштегі концентрациялар тасымалдаушыларын анықтау.

4.6 Магнит өрісінің кернеулігінен магниттік өтімділіктің мәнін есептеу. Магнит диэлектрлік және  есептеу.  Магниттік  саңылау энергиясыньң шамасын анықтау. Магниттік материалдардьщ ППГ- дан қайта қосылу уақытын есептеу.

 

5 Студенттің өздік жүмыс тақырыптарының тізімі

5.1   Шәйірлер, олардың мінездемесі мен қолдану аймағы.

5.2  Керамика. Технологиясы мен өндіріс аймағы.

5.3  Жарық жүретін сымдармен бейнелеулерді өткізу

5.4  Асқын өткізгіштер. Қазіргі кездегі күйі.

5.5 Өткізгіштер. Электр энергетикада қолдану. Қазіргі кездегі күйі.

5.6 Электр энергетикада қолданылатын, жартылай өткізгіштер. Өндірістің технологиясы.

5.7 Электрлік машиналардың оқшаулагышы.

5.8 Электрлік аппараттардың оқшаулағышы.

5.9 Мұнайдан шығатьш оқшаулағыш майлардың өндіріс  технологиясы.

5.10 Қылтанақты оқшаулағыш. Қолдану аймағы. Өндіріс  технологиясы.

5.11 Барлық курс бөлімдері бойынша есепті шығару.

5.12 Активті диэлектриктер.

 

Ұсынылғaн әдебиеттер

1. БогородицкийЛ.П., Пасынков В.В., Тареев Б.М. Электротехнические материалы. 2-е изд.-Л.: Энергоатомиздат, 1985. - 304 с.

2. Журавлева Л.В. Электроматериаловедение.-М.: Academia, 2003. 311c.

3.Алиев И.И., Калганова С.Г. Электротехнические материалы и изделия: Справочник. - М.: Academia, 2005. - 270с

4.Бекмагамбетова К.Х. Электротехническое материаловедение. -Алматы.: "Ғылым", 2001.-256 с.

5.Корицкий Ю. В. Электротехнические материалы. 3-е изд.- М.: Энергия, 1985.-319 с.

6.Пасынков В.В., Сорокин B.C. Материалы электронной техники.- М. Высшая школа, 1990. -306 с.

7.Антипов Б. Л., Сорокин B.C., Терехов В.А. Материалы электронной техники. Задачи и вопросы.- М.: Высшая школа, 1990. -208 с.

8.Справочник по электротехническим материалам. /Под ред. Корицкого Ю.В. -М.: Энергия, 1987.

 

Авторлары

 

Бекмагамбетова Қ.Х. - техника ғылымының кандидаты, профессор, Алматы энергетика және байланыс институты

Кузембаева P.M.   - доцент, Алматы энергетика және байланыс институты

 

Энергетика, электроника және

телекоммуникация мамандықтары

бойынша ОӘС торағасы, АЭ ж БИ ректоры                                                 Г. Даукеев